{metadescription}
Алматыда қаңқа-қамыстан жасалған үй тұрғындары ПИК-ін сотқа беруге бекініп отыр
Алматыда қаңқа-қамыстан жасалған үй тұрғындары ПИК-ін сотқа беруге бекініп отыр

Алматыда қаңқа-қамыстан жасалған үй тұрғындары ПИК-ін сотқа беруге бекініп отыр

Тұрса да өздері қалада, әжетханасы далада.  Алматыда қисайып құлауға шақ қалған ескі үйлерде үрей құшағында өмір сүріп жүрген тұрғындар шу шығарды. Жұрт сонау 60-жылдары салынған баспаналарының тездетіп сүрілуін талап етуде. Ал тозығы жеткен үйлерінің апатты деп танылмауына тікелей пәтер иелері кооперативін кінәлайды. Олар тұрғындардың әрқайсысының мойнына миллиондап қарыз іліп тастады деп отыр. 

Әсия Өскенбаева:

 Үйіміз бір жағына қисайып тұр. Шатырдың бәрі тесілген. Екінші қабаттағы пәтерлердің төбесінен су ағады. Жаңбыр жауған кезде шелек қоямыз. Канализация мүлдем жоқ. Сымдар тозған, сәл ұшқыннан лап ете түссе, үйімізден дым қалмайды. Өйткені қаңқа-қамыстан жасалған үй.

Тұрғындар әкімдіктің табалдырығын әбден тоздырып, екі қабатты баспананы әзер «ескі үй» бағдарламасына қостық деп отыр. Жақын арада сүрілетін болған. Бірақ пәтер иелері кооперативінің кесірінен жоспарымыздың күл-талқаны шықты дейді. Айтуларынша, ойда-жоқта тұрғындардың әрқайсысының басында 800 мың теңгенің төңірегіндегі қарызы пайда бола қалған.

Әлфия Кәрібаева:

 Бағдарламаға кіргеннен кейін ПИК шотты төлемедіңдер деп бәрін бұғаттап, бәрімізге төлеңдер деп жатыр. Біз төлемейміз деп жатырмыз. Не үшін? Өйткені жөндеу болған жоқ, 60-шы жылдан бастап мына үй жөнделмеген.Жасайық десек, төбеден су ағады. Шатымен кіреберіс ПИК тиесілі. Олар ештеңе істемейді. «Ақша төлемейсіңдер» дейді. 18-ші жылға дейін төлеген ақша қайда десек, жауап бермейді.

Бет-жүзін тұмшалап, өзін таныстырмаған пәтер иелері кооперативінің өкілі расымен де тұрғындардың мойнында қыруар қарыз бар екенін айтып отыр. Дереу қайтарылмаса, іс сотқа кетеді екен. Ал үйдің сүріліп-сүрілмеуіне біздің қатысымыз жоқ деп басын ала қашты.

Әкімдіктегілер де тозығы жеткен бұл үйдің бағдарламаға кіргенін растады. Бірақ әзірге баспананы сүріп, орнына жаңасын салатын инвестор жоқ.

Алтынбек Нұратұлы, "Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары:

 Серіктестік қызметкерлері Фадеев, 10 мекенжайындағы тозығы жеткен үйді аралап көрді. Үйдің жағдайы ауыр болған және осы үйде тұру мүмкін болмаған жағдайда, берілген аумаққа инвестордың анықталуын күтпей-ақ, серіктестік өзінің қоныс аудару қорынан көшіру мүмкіндігін табады.

Үй мәселесі түсінікті. Тұрғындар енді мойнындағы қыруар қарызын не істерін білмей отыр. Жасалмаған жұмысқа ақша төлегісі келмейді. Жұрт енді бір ауыздан пәтер иелері кооперативін сотқа беруге бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.