{metadescription}
Президент Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды
Президент Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

Президент Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

Заң бәріне бірдей! Салтанат Нүкенованың жантүршігерлік өліміне қатысты резонанс тудырған оқиға Президентке де жетті. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесуде ішкі істер министріне қылмыстықтық істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан заң мен тәртіп үстемдік құратын ел.

Президент осындай келеңсіздіктермен тұтас қоғам болып күресу керек деп санайды. Елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты заң мен тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптастыру қажет деген пайымда.

«Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, жемқорлық үшін сотталып, артынан рақымшылыққа ілінген экс-министр өз әйелін өлтірді деген күдікпен қазір екі айға қамауға алынды. Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасыруға тырысты деген айыппен сұмдық оқиға болған «Гастро орталық» директоры да осы іс бойынша уақытша ұстау изоляторында тергелуде.

Ал марқұм Салтанат Нүкенованың жақындары Бишімбаевқа ең ауыр жаза кесуді сұрап отыр. Осы жағдайдан кейін қазақстандықтар тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны қатаңдатуға петиция да жариялады. Қазірдің өзінде құжатты 70 мыңға таяу отандасымыз қолдаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде