{metadescription}
Астанада белгілі спортшылар мен қоғам белсенділері зорлыққа қарсы үндеу жасады
Астанада белгілі спортшылар мен қоғам белсенділері зорлыққа қарсы үндеу жасады

Астанада белгілі спортшылар мен қоғам белсенділері зорлыққа қарсы үндеу жасады

Тұрмыстық зорлыққа қарсы заңның қатаңдатылуын ер-азаматтар да қолдап отыр. Астанада бір топ елге белгілі спортшылар мен қоғам белсенділері жиналып үндеу жасады.

Мерей Ақшалов, бокстан әлем чемпионы, жаттықтырушы:

Мен де ата-анамын. Үш ұлым, бір қызым бар. Қыз тәрбиелеп отырмын. Болашақта қызымның бақытты өмір сүргенін қалаймын Қазірден бастап соның алдын алу үшін спортшылар бар, елге танымал адамдар бар, соны қолға алсақ деп, сондай мақсатта осында жиналып отырмыз.

Елде резонанс тудырған қайғылы жағдайдан кейін белсенділер бірігіп, қол қусырып отырмайық деген шешімге келіпті. Алдағы уақытта аптасына бір мәрте жиналып, нақты жоспар бойынша әрекет етуге бекініп отыр.

Зілтемір көтеруден төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин өз жақын-жуықтарының арасында да тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналғандар барын жасырмады. Сол себепті де осындай ұсыныс келіп түскенде бірден келісімін берген. "Қоғамда өзін қалыптастыра алмаған азамат нәзік жандыларға жұдырығын ала жүгіреді" дейді ол. Өзекті проблема бала тәрбиесіне де кері әсерін бермей қоймайды. Жанжал мен тұрмыстық кикілжің ортасында өскен балаға ортаға бейімделу қиын, жасқаншақ болып өседі деген пайымда. Ал экономист Рақым Ошақбаев бастаған петицияны қолдап, тұрмыстық зорлыққа қарсы жазаны қатаңдатуға дауыс бергендер саны 130 мыңнан асып жығылады.

Қуанышбек Мұқаш, қоғам белсендісі:

Өзімізге. халқымызға жиналып ант бергіміз келеді. Ол осы бір жыл ішінде, келесі желтоқсан айына дейін әйелдерге деген, балаларға деген жасалып жатқан зорлықты тоқтату және де осымен күресу. Кем дегенде аптасына бір күн болсын, осы тақырып туралы тікелей эфирлер өткізіп, қандай да бір лекциялар оқып, өзінің зорлыққа деген қарсылығын көрсетуге ант береміз. Осындай мақсат қойып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде