{metadescription}
Автокөлікті міндетті сақтандырудың құны өзгереді
Автокөлікті міндетті сақтандырудың құны өзгереді

Автокөлікті міндетті сақтандырудың құны өзгереді

Келесі жылдан бастап автокөлікті міндетті сақтандырудың құны өзгереді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Құзырлы ведомство мәлімдегендей, енді сақтандыру құнына көлік тіркелген өңірдегі апатты жағдайлардың деңгейі ықпал етеді. Мәселен, аймақта апатты оқиға аз болған сайын сақтандыру компаниясы аздау төлем жасайды және тиісінше, сақтандыру тарифі де кем болуы тиіс.

Агенттік 2024 жылға арналған тарифті бекітіп те үлгерген. Олар көлік тіркелетін әрбір өңірге қолданылатын болады. Болжам бойынша, еліміздің 11 өңірінде автокөлікті сақтандыру құны төмендемек. Тағы жеті аймақта сақтандыру бағасы, керісінше, артуы мүмкін. Ал Қарағанды және Ұлытау облыстарында тариф өзгеріссіз қалады деп хабарлады жауаптылар.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі:

Автокөлікті сақтандыру құнын анықтаудың жаңа тәртібі өңірдегі апаттылық деңгейіне қарай оларға түзету коэффициенттерін қолдану арқылы көлік құралы тіркелген өңірдің өлшемін түзетуді көздейді. Түзету коэффициенттері Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордағы автоматтандырылған есептеу арқылы жыл сайын айқындалатын болады. Бұл ретте барлық қолданыстағы өзге де өлшемшарттар, оның ішінде көлік жүргізу тарихы сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.