{metadescription}
Оңтүстікте жүргізушілер автогаз тапшылығына наразы
Оңтүстікте жүргізушілер автогаз тапшылығына наразы

Оңтүстікте жүргізушілер автогаз тапшылығына наразы

Еліміздің оңтүстігінде автогаз тапшылығы сезіле бастады. Сағаттап кезек күтіп, көгілдір отын іздеген жүргізушілер бұған наразылығын білдіруде.

Бекзат Ергешбаев:

Жұмыстан кейін 2-3 сағаттап тұрамыз. Кезегіміз келген кезде бітіп қалады. Қазір жұмыстан келдім. Тамақ ішпей тұрмыз, 40 минуттай болды. Амал жоқ, қалай жұмыс істейміз? Қымбаттататын болса қымбаттатсын, 5 теңге қосу керек болса, қоссын. Оған да көнеміз. Масқара ғой мынау

Түркістандағы екі газ құю бекетінде ғана сұйық отын бар. Жүргізушілер жолдың қос қапталында ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Соның өзінде әр көлікке автогаз шақтап құйылады.

Тапшылық Шымкентте де сезіліп жатыр. Қалаға қажет 10 мың тоннаның орнына осы айда небәрі жеті жарым мың тонна автогаз бөлінген. Сырттан келетіндер де автогаз тапшылығын тудырып, Шымкентке бөлінген лимит тез таусылып жатыр. Ең бастысы зауыттан шыққан газды тасымалдайтын вагондар жетпей жатыр дейді жауаптылар.

Ілияс Есжанов, Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы:

Біз энергетика министрлігімен жұмыс істейміз. Көлем жетпейді деп жаздық. Ал КТЖ-ға хат жазған жоқпыз. Олармен күн сайын байланыстамыз. Арнайы кураторы бар, бізден шыққан вагонды тездетіп жеткізіп берудің жолын қарастырады. Жағдай енді тұрақталып жатыр, 10 күн болды ғой, вагондар аз шығатын. Түркістан облысына 20 вагон шықса, бізге 6 вагон тәулігіне шығатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде