{metadescription}
“Ақтөбе ажалы”. Суицид жиі болатын биік кешеннің балкондарына тор орнатылды
“Ақтөбе ажалы”. Суицид жиі болатын биік кешеннің балкондарына тор орнатылды

“Ақтөбе ажалы”. Суицид жиі болатын биік кешеннің балкондарына тор орнатылды

Ақтөбедегі ең биік тұрғын үй кешенінің балкондарына темір тор орнатылды. Себебі өмірден баз кешкендердің бәрі осы ғимараттан секіріп өлетін. 

Қаланың қақ ортасындағы бұл кешен “Ақтөбе ажары” деп аталады. Бірақ осындағы балкондардан секіріп өлетіндердің көптігінен халық “Ақтөбе ажалы” деп атап кеткен. Осы үйдің ауласынан жылына кем дегенде 4-5 адамның мәйіті шығарылады. Мұнда келіп өмірден баз кешкендердің жасы да әртүрлі. Тұрмыс тауқыметінен шаршаған үлкендер де, жастар да, тіпті компьютерлік ойынға берілген оқушы балалар да бар. Тұрғындар қаншама жылдан бері балкондарды қоршау туралы сұрағанымен, төтенше жағдай департаментіндегілер қарсы болып келді. Өрт бола қалса, биіктен адамдарды сыртқа шығару қиын деп отыр мамандар. Кейін тек 15 пен 25 қабат аралығындағы балкондарды торлауға келісім беріп, сол үйде тұратындардың ақшасына орнатылыпты.

Үмітай Қалмұханова:

 Қауіпсіздікті сақтау үшін тор орнаттық. Көп жағдайлар болған бұл үйде. Соңғысы осы үшінші қарашада болды. Халықтың қауіпсіздігі үшін қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.