{metadescription}
Қазақстандықтарға Илон Масктың интернетін пайдалануға болмайды — Starlink
Қазақстандықтарға Илон Масктың интернетін пайдалануға болмайды — Starlink

Қазақстандықтарға Илон Масктың интернетін пайдалануға болмайды — Starlink

Қазақстандықтарға Илон Масктың интернетін пайдалануға болмайды. Бұл туралы бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өткізген брифингте айтылды. Яғни ғаламтор арқылы Starlink қондырғысын сатып алып, интернетке қосылып қана қоймай, оны таратқаны үшін азаматтар айыппұл төлейтін болады.

Диас Төлегенов, ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің басқарма басшысы:

Үйіне Starlink орнататын адамдар бар екенін білеміз. Жауапты органдар оны анықтап, нақтылау жұмысын жүргізіп жатыр. Пилот жоба бойынша техникалық жұмыс аяқталмайынша және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілмейінше, бұл заңсыз деп саналады. Жеке тұлғаларға әуелі ескерту жасаймыз, егер қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 34500 теңге айыппұл салынады.

Қазан айынан бастап әйгілі SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы 10 ауыл мектебінде тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылды. Алматы облысының 8 және Ақмола мен Қарағанды облыстарының мектептері секундына жылдамдығы 200 мб ғаламторды жыл соңына дейін тегін пайдалана алады. Егер осы аталған үш облыстың оқушылары кедергісіз интернеттің игілігін көре алса, заңнамаға өзгерістер еніп, ел бойынша 2 мың мектеп бұл заманауи жүйеге қосылуы тиіс. 

Ел аумағындағы жолдардың бойында интернеттің базалық станцияларын орнату мәселесі де кеңінен айтылды.  Жауапты министрлік өкілі 2024 жылдан бастап, республикалық маңызы бар жолдарда интернет сапасы жақсаратынын жеткізді. Бұл жұмысқа бюджеттен 60 млрд теңгеден аса қаражат бөлініпті. Сонымен қатар мамандар шағымнан көз ашпаған Астананың байланыс сапасына қатысты да тоқталды.

Диас Төлегенов, ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің басқарма басшысы:

Жыл басында Астана қаласы бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде байланыс сапасы өте нашар 67 локация анықталды. Яғни мұнда байланыс жоқ немесе талаптарға сай келмейді. Осы жыл ішінде бұл учаскелер бойынша жұмыс жүргізілді. Біртіндеп мәселені шешіп келе жатырмыз. Көбіне байланыс сапасы өте нашар учаскелер елорданың Нұра және Есіл аудандарында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде