Инстаграм жұлдызы Бексұлтанның анасының көңіліне кейбіреулер кірбің түсірген
Төрт жасында әлеуметтік желінің жұлдызына айналған баланы еліміздің түкпірінен біздің тілшіміз іздеп тапты. Атырау облысының Ақкөл ауылында тұратын балақай қылықты биімен миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулады.
Автор: Жанат Молдашова
17.11.2023
Төрт жасар Бексұлтанның қимыл-қозғалысына қазақстандықтар ғана емес, өзге елдер де таңырқап, түрлі пікір қалдырған. Желіге жүктелген бейнежазба арқылы көптің көзайымы болған кішкентай өнерпазбен КТК тілшісі тілдесіп қайтты.
— Әлеуметтік желі қолданушыларын тамсандырған төрт жасар Бексұлтан Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында тұрады екен. Биші бүлдіршінді арнайы іздеп бардық. Ата-анасы да үйде екен. Бексұлтанның биі осыншама елді таң қалдырады деп ойламадық дейді олар. Әкесі Руслан энергетик, анасы Виктория мұғалім. Биші бүлдіршін ешқандай үйірмеге қатыспайды. Үйде ғана түрлі әуен ырғағына өзі билейтінін айтады. Балақай әкесінің 50 жылдық мерейтойынан кейін танымал болып шыға келді.
Виктория Халменова:
- Жақында папамыздың 50 жасын тойлағанбыз. Сонда билеп, видеоға түсіп, үлкен қызымыз инстраграм желісіне жариялап, сөйтіп танымал болып қалдық. Мен негізі білмейді екенмін, былай айтады, мән бермеймін. Инстаграм бар да, бірақ кейде жаңалықтар қарап шығамын. Жанжақтан ағайындар, достар, қызым өзі хабарласқаннан кейін білдік, көп лайк жинағанын.
Бексұлтанның биін әлеуметтік желіде 3 миллионнан астам адам қарап ұнатқан. Тіпті өзге мемлекеттің тұрғындары да баланың қылығына қызығып, жағымды пікірлер жазыпты. Бірақ кейбір көрерменнің жағымсыз жазбалары көңіліме кірбің түсірді дейді Бексұлтанның анасы.
Виктория Халменова:
- Көбінесе жақсы пікір оқыдым. Бірақ бірекі адам «баланы тойға апарады, ақша жасайды» деген. Үнемі апаратын болып тұр ғой деген пікірлер болды. Мен этика сақтап, сөзбен жауап бердім. Біз балаларды мүлде тойға апармаймыз. Бізде ондай жоқ. Қонаққа, еш жерге апармаймыз. Тек отбасылық туған күндерге апарамыз. Сонда билейді, былай тойға апармаймыз.
Қылығымен елді тамсандырған Бексұлтан — Халменовтер отбасындағы бес баланың төртіншісі. Ата-анасы оның өзге ұл-қыздарға қарағанда өнерге жақын екеніне сенімді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!