{metadescription}
Астанада дүлей дауылдан қираған нысандар қалпына келтіріліп жатыр
Астанада дүлей дауылдан қираған нысандар қалпына келтіріліп жатыр

Астанада дүлей дауылдан қираған нысандар қалпына келтіріліп жатыр

Астанада демалыс күнгі дауылдан қираған нысандар қалпына келтіріліп жатыр. Дүлей жел әлеуметтік мекеме ғимараттарымен қатар, тұрғын үйлердің қабырға жабындыларына дейін ұшырған.

Дауыл екпіні секундына 23 метрге жетіпті. Соның салдарынан тұрғын үйлердің сыртқы сылағы опырылып, аялдамалар аударылып, тұтас қоршаулар құлаған. Тұрақтағы көліктер бүлініп, ғимараттардың маңдайшасы жұлынып, ағаштарға дейін опырылды. Электр желілерінің үзілуінен Сарыарқа ауданы мен Астана іргесіндегі Қосшы қаласы жарықсыз отыруға мәжбүр болды. Түрлі дәрежеде жарақат алғандар да бар. Дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің қазіргі жағдайы қалыпты. Ал қаланың коммуналдық қызметі жел салдарын жою бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Келген шығын есептеліп жатыр.

Ғабдолла Шағыров, Астана қаласы ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі:

Ауа райының қолайсыздығында 7 автобус аялдамасы, көптеген қоршау зақымданды, алты ағаш құлады. Сауда орталығының кіреберісінде баннер ұшып, көшеде кетіп бара жатқан әйелдің үстіне құлады. Әйел емханаға жеткізіліп, дәрігерлік көмектен кейін үйіне жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.