{metadescription}
Дүлей дауыл: Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды
Дүлей дауыл: Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Дүлей дауыл: Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Қарағанды облысында да төтенше жағдай жарияланды. Демалыс күндері болған дүлей дауыл Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск қалалары мен Ақтоғай, Абай, Қарқаралы, Осакаровка және Нұра аудандарында ойрандап кеткен.

Екі күн бойы басылмаған екпінді жел Қарағанды облысындағы 114 ғимараттың шатырын жұлып әкеткен. Зақымдалған жердің жалпы аумағы 18 мың шаршы метрден асады. Қатты желден бағаналар мен ағаштар құлап, көліктер қираған. Көп жерде жарық сөніп байланыс үзілді.

Абырой болғанда адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ. Қарағанды облысының әкімі дауылдан келген залалды мемлекет есебінен өтеу үшін төтенше жағдай жариялап отыр. Қазір арнайы комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Облыстағы үш қала мен 4 ауданда дауылдың салдарын жою әлі жүріп жатыр. Қарағанды қаласының өзінде неше күннен бәрі жарықсыз отырғандар бар. Қатты желден электр желілері құлап, тұрғындардың тұрмыстық техникалары күйіп кеткен.

Шекер Қуанышева:

Жарықты қосқанда мына жердегі, даладағы бәрі жарылды. Одан кейін тоңазытқышым істемей қалды, мұздатқыш та. Енді кір жуатын машинаны білмеймін, суды жылытатын титан да кетті. Сосын, міне, телекомуникация да, телефон, тоқпен келетін электрпеш, ол да есептен шықты. Үш күн бойы суықта тоңып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде