{metadescription}
Автогаз бағасын жарты жыл сайын 5 теңгеге өсіреді
Автогаз бағасын жарты жыл сайын 5 теңгеге өсіреді

Автогаз бағасын жарты жыл сайын 5 теңгеге өсіреді

Автогаз біртіндеп қымбаттайтын болды. Құны өскенін қазақстандықтар сәуірдің басында-ақ байқайды. Энергетика министрлігі әр жарты жыл сайын газ бағасын 5 теңгеге өсіргелі отыр.

Әлібек Жамауов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Сұйытылған мұнай газының бағасы бізде өте төмен. Дүниежүзілік стандарт бойынша сұйытылған мұнай газының бағасы АИ 92 бензинінен 30 пайыз төмен болуы керек. Осы көктемнен бастап, жылдың басынан сұйытылған мұнай газы литрына 5 теңгеге өседі. Одан кейін күзде тағы 5-6 теңгеге өседі. Сонда біз үш-төрт жылдың ішінде сол деңгейге келеміз.

Елімізде айына 135 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Ал тұтыну көлемі бұдан көп екен. Ішкі нарықтағы тапшылықтың орнын толтыру мақсатында энергетика министрлігі Орынбор мұнай өңдеу зауытымен келіскен.

Айта кетейік 13 қарашадан бастап көгілдір отын экспортына толық шектеу қойылған. Жауапты министрлік қазір автокөліктерін газға ауыстырып жатқан жүргізушілермен күресті қалай жүргізу керектігін білмей басы қатып отыр. Апта сайын сарапшыларды шақырып, мұндай қызмет көрсетететін техникалық компанияларды лицезиялау мәселесін де талқылапты. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, соңғы бір жылда 300 мың көлік қозғалтқышына газ қондырғысы орнатылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде