{metadescription}
Қазақстанның даму бағыттары. Бір жылда қол жеткізген нәтижелер
Қазақстанның даму бағыттары. Бір жылда қол жеткізген нәтижелер

Қазақстанның даму бағыттары. Бір жылда қол жеткізген нәтижелер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бүгін бір жыл. Онда мемлекет басшысы жаңа тарихи кезеңдегі республиканың негізгі даму бағыттарын белгілеп берген еді.

Бір жылда қол жеткізген нақты нәтижелерге тоқталсақ. Шамамен екі миллионға жуық қызметкердің табысы артты. Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды. Жыл басынан бері 847 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Оның тең жартысы, яғни 420 мыңнан астамы жастар. Сондай-ақ, биылғы наурыздан бастап жас кәсіпкерлерге «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 2 жарым пайызбен шағын несие беру қолға алынды. Жалпы алғанда, 7 мыңнан астам өтінім қабылданды, 5300 несие мақұлданыпты. Мүгедектігі бар кәсіпкерлерге де тоғыз мың грант берілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде