{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатынан үш шетел азаматы қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан үш шетел азаматы қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан үш шетел азаматы қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан үш шетел азаматы қаза тапты. Соғылған көліктер отқа оранып, бір жүргізуші тірідей жанып кеткен.

Оқиға Мәртөк ауданында болды. Ресей азаматы тізгіндеген Лексуспен қырғызстандық жүргізуші тізгіндеген Субару соқтығысқан. Екі жүргізуші де сол жерде көз жұмды. Субарудың жүргізушісін сыртқа шығарып үлгермеген. Себебі газбен жүретін көлік жарылып, адамымен қоса өртеніп кетті. Қырғызстан азаматтары көрші елдің Тольятти қаласынан келе жатыр екен. Қазір осы апаттан аман қалған жолаушылар Мәртөк ауданы ауруханасына жеткізілді.

Артур Әбдірешов, Ақтөбе облысыжергілікті полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары:

Лексус көлігінің жүргізушісі Ресей азаматы, Субару көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Және де Лексус көлігінің жолаушысы дене жарақатын алып, Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде