{metadescription}
Ақтауда шойын қақпақ пен кабель сымдарын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды
Ақтауда шойын қақпақ пен кабель сымдарын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Ақтауда шойын қақпақ пен кабель сымдарын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Ақтауда кәріз құдығының қақпағын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды. Бес адам шойын қақпақ пен кәріз станциясының кабель сымдарын қолды қылған.

Ұрылардың жас ерекшелігі де әртүрлі. Ең ересегі қырыққа таяп қалса, кішісінің жасы жиырмада екен. Олар Ақтау қаласындағы кәріз станцияларынан бағалы металл ұрлап сатумен айналысқан. Осы арқылы күдіктілер 105 миллион теңге шығын келтірген. Қазір бесеуі де уақытша тергеу абақтысына жабылып, қылмыстық іс қозғалды.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 20, 21, 22 және 39 жастағы бес күдіктінің жеке басын анықтап ұстады. ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.