{metadescription}
«Әлем аруы-2023» байқауына трансгендерлер де қатысты
«Әлем аруы-2023» байқауына трансгендерлер де қатысты

«Әлем аруы-2023» байқауына трансгендерлер де қатысты

Қазақстан тағы жүлдесіз қалды. Биылғы 72-ші рет өткізілген "Ғалам аруы" халықаралық байқауында никарагуалық 23 жастағы Шейннис Паласиос 84 аруды басып озды. Ал еліміз атынан қатысқан Томирис Заир үздік 20 қыздың қатарына да кірмеді. Бірақ үлкен тәжірибе жинақтағанын айтқан 20 жастағы "Қазақстан аруы" өзіне қолдау білдірген отандастарына алғысын білдірді.

Томирис Заир, «Ғалам аруы-2023» байқауының қатысушысы:

«Қазақстан, қолдау көрсеткеніңе рахмет! Мен сені жақсы көремін! Бұл — керемет тәжірибе және осындай ауқымды жобада сүйікті елімді таныстыруға тамаша мүмкіндік алдым. Әрқайсыларыңызға сенімдеріңіз үшін, махаббаттарыңыз үшін рахмет!

Әлемнің ең сұлу 84 аруының бірі қазақ қызы. Кеше Сальвадор төрінде өткен «Ғалам аруы-2023» байқауында ел намысын қорғаған бойжеткен Miss Almaty-2022 және Vice Miss Qazaqstan-2022 атақтарының иегері. Маркетинг мамандығы бойынша екінші курс студенті. Төрт жылдан бері модель болып жұмыс істейді. Алты жасынан бастап музыка мектебінде домбыра мен фортепианоны үйренген. Алты тілді меңгерген.

Айта кетсек, әлем сұлуларын анықтайтын биылғы байқауда ерекшелік көп. Өткен жылдың тамызында қатысушыларға қойылатын талаптар әлдеқайда жеңілдеген. Яғни тарихта алғаш рет халықаралық додаға балалары бар әйелдердің қатысуына рұқсат берілді. Салмағы жағынан да толық қыздар, яғни plus size модельдер де бағын сынауға мүмкіндік алды.

Ең қызығы, нәзік жандылар бақ сынайтын байқауда Нидерланд пен Португалия атынан трансгендерлер де қатысты. Келесі жылы «Ғалам аруы» байқауы Мексикада өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде