Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды
Пара алды деп айыпталған Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін осындай үкім кесті.
Автор: Айжан Шамшидин
21.11.2023
45 жастағы Әлтаев сот шешімімен келіспейтінін айтып апелляциялық шағым жасайтынын мәлімдеген.
Елімізде ресми тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев биыл маусымнан бері қамауда отыр. Ол «аса ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінген. Антикор Әлтаевты 2018-2020 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және Мәжіліс депутаты болған кезінде кәсіпкерлердің мүддесін қорғап 50 миллион теңге пара алған деп айыптады. Сот процесі жабық өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!