{metadescription}
Алты жыл өтсе де, бес адам өлген ұшақ апатының шындығы әлі ашылмаған
Алты жыл өтсе де, бес адам өлген ұшақ апатының шындығы әлі ашылмаған

Алты жыл өтсе де, бес адам өлген ұшақ апатының шындығы әлі ашылмаған

Алты жыл бұрын Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты іс әлі аяқталған жоқ. Тіпті кінәлілер де анықталмаған. Дәрігерлер мінген әуе кемесі ауыр науқасқа көмек көрсету үшін Шымкентке бағыт алған болатын. Алайда бірнеше минуттан кейін ұшақ радардан жоғалып, қаладан 28 шақырым жерге құлады. Борттағы бес адам түгел көз жұмған.

Одан бері 6 жыл өтсе де, апаттың шындығы әлі ашылмапты. Сарапшылар АН-28 ұшағына оқ атылуы мүмкін деген пікірді алға тартып, апат кезінде ұшқыштар ес-түссіз болған деген болжам айтқан болатын. Алайда прокуратура әуе компаниясының жұмысындағы жүйелі заңбұзушылықтар апатқа әкеліп соқтырғанын айтып, екінші ұшқыш Евгений Кутафиннің ұшуға рұқсаты жоқ екенін мәлімдеген.

Сот алқасы апатқа кінәлілерді анықтау үшін белгісіз адамдарға қатысты жеке қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеуде прокуратура тарапынан көптеген өрескел қателіктер кеткені анықталған. Сол себепті осы апатқа кінәлі делінген екінші ұшқыштың әкесі қайтыс болған ұлының ар-намысын қорғау үшін прокуратураның үстінен арыз түсіріп, өтемақы талап етпекші.

Виталий Кутафин, марқұм Е. Кутафиннің әкесі:

Осы жылдар ішінде олар екінші ұшқышқа қатысты қандай негізде айып тақты. Бұл шын мәнінде ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіреді. Бізге үш жыл бойы жалған ақпарат айтты. Сот енді прокуратураға белгісіз адамдарды іздеп, тергеу жүргізіп, анықтауға тарсырма берген. Әуе кемесі белгісіз затпен соқтығысқанын айтып, нұсқау берді. Ұлыма жалған айып тапқандар оның ар-намысын қорлады. Сол үшін өтемақы талап етемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде