{metadescription}
Президент бағдарламасының іске асырылғаны
Президент бағдарламасының іске асырылғаны

Президент бағдарламасының іске асырылғаны

Елімізде шәкіртақы көлемі өсіп, университет пен колледж студенттерінің жатақханада тапшылығы үш есеге қысқарды. Ал бір жарым миллионға жуық бастауыш сынып оқушысы тегін тамақпен қамтылған. Мұның барлығы ел президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асырудың айқын жемісі.

Қасымхан Сенғазыев, Астана қаласы білім басқармасының басшысы:

Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары 100% цифрлы бейнебақылау камерасымен, турникет, дабыл тетігі және жылдам интернет желісімен қамтылды. Балаларды сапалы тамақтандыру үшін төрт апталық мәзір әзірленіп, 98 мектепте 95 576 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Келер жылы жастардың жоғары білім алуына мүмкіндік беретін «Келешек» ерікті жинақ жүйесі енгізіледі. Шотқа мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы түседі. Ал егер бала өз білімімен оқуға түссе, онда ата-анасы жинаған қаржыны баспана алуға жұмсай алады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында, сондай-ақ, барлық жастағы азаматтардың денсаулығына да ерекше көңіл бөлінген болатын. Қазірдің өзінде ауылда денсаулық сақтау саласын жаңғырту жобасы сәтті қолға алынды. Жоба шеңберінде 13 алғашқы медициналық көмек объектісінің құрылысы аяқталды. Тағы 86 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жастар денсаулық орталықтарының желісі де кеңеюде.

Әлия Бекжанова, ҚР ДСМ басқарма басшысы:

140-қа жуық жастар денсаулық орталығы жұмыс атқарады. Әр өңірде денсаулық орталықтары бар және оған 10 жастан 29 жасқа дейінгі аралығындағы жастар мен жасөспірімдер жүгіне алады. Бұл орталықтың дәрігерлері жасөспірімдер мен жастар арасындағы сенімділікті орната отырып, қажет медициналық көмекті, диагностика көрсете алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде