{metadescription}
Еуро-2024: Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір мүмкіндігі бар
Еуро-2024: Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір мүмкіндігі бар

Еуро-2024: Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір мүмкіндігі бар

Әлі де үміт бар. Словениядан сан соғып, Еуро-2024 додасына тікелей жолдамадан қағылған Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір мүмкіндігі бар. Тағдыршешті матчта барын салған футболшыларды бүгін Астананың халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

Мұқым елге сенім ұялатып, үміт отын жаққан аяқдопшыларды күтіп алуға жанкүйерлер ерекше дайындықпен келді. Олар кешегі сырт алаңда өткен матчта жеңіліс тапқан жігіттерге жігер беріп, шашу шашып, барынша қолдау көрсетті. Өз кезегінде футболшылар мен жаттықтырушылар штабы да тақымын қысып, ыстық ықыласын білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты. 10 ойынның алтауында жеңіске жеткен ұлттық құрама Германияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алмаса да, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы Еуро додасына баруға тағы бір мәрте талпынып көреді. Магомед Әдиев шәкірттері бұл сында 2004 жылғы Еуропа чемпиондары – Грекия құрамасымен күш сынасады. Маңызды ойын алдағы көктемде Афинада өтеді деп жоспарланған.

Әділет Барменқұлов, Қазақстан Футбол федерациясының президенті

Сіздерге ризашылығымыз мол. Алғысымыз шексіз. Осы болған жеңістердің бәрі осы ұлттық құраманың болашағы бірлікте. Жанкүйерлер бәрі бірліктің арқасында осындай дәрежеге жетіп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде