{metadescription}
Биылғы «Ділмарда» тақырып сайыс үстінде берілді
Биылғы «Ділмарда» тақырып сайыс үстінде берілді

Биылғы «Ділмарда» тақырып сайыс үстінде берілді

Биылғы «Ділмар» шешендік өнер байқауының басты ерекшелігі — алғаш рет тақырып сайыс үстінде берілді. Оқушылардың сөз тапқырлық қасиеті сыналды. Дода Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектепте бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған еліміздің әр өңірінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 24 оқушы қатысты.

Биылғы байқау жекпе-жек түрінде өтті. Әр екі қатысушы берілетін жарты сағатта төрт кезеңге төтеп беруі тиіс. Додада ең алдымен сөздің көркемдігі, ойдың жүйелігі, нақтылығы, дәлдігі бағаланады. Нақтырақ айтқанда, берілген тақырып жан-жақты ашылуы шарт. Сөз сайысына еліміздің әр өңіріндегі 8 бен 11 сынып аралығындағы оқушылар келген. Олар дәл осы республикалық додада бақ сынауы үшін, аудандық және облыстық сайыстардан сүрінбей өткен. Байқаудың бас жүлдесі 150 мың, 1-орынға жүз және 2-орынға 70 мың теңге ақшалай жүлде табысталды.

Жарқын Сәленұлы, «Ділмар» шешендік өнер байқауының авторы:

Жаңа Қазақстанның ұрпағын жан-жақты дамыған, ақыл парасаты, білімі, тәжірибесі, бабалардан қалған өнегелі өсиетті бойына сіңірген, бағалы бай мұрамен сусындап өскен және соны бүгінгі өмірде қолданып, келешек ұрпаққа насихаттап жеткізе алатын жаңа буын, көшбасшыларды қалыптастыру. Шешендік деген жалпы көшбасшылықтың кепілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде