{metadescription}
Ауа райы қолайсыздығынан 29 күре жолға шектеу қойылды
Ауа райы қолайсыздығынан 29 күре жолға шектеу қойылды

Ауа райы қолайсыздығынан 29 күре жолға шектеу қойылды

Астанада толассыз жауған жауыннан көше телегей теңізге, кейін көктайғаққа айналды. Көк мұздан тайып құлағандардардың саны күрт артқан. Қазір қаладан шығатын барлық бағыттағы автомобиль жолдары жабық. Жалпы ауа райы қолайсыздығынан елімізде 29 күре жолдың қозғалысына шектеу қойылған.

Ләззат Стамғазиева, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы:

Алты өңірінде 29 жол күре учаскесі жабық тұр. Басты себеп ауа райының күрт нашарлауы. Екпінді жел тұрып, қатты жаңбыр жауды. Сондықтан бұл жолдарды жабуға тура келді. Жабық тұрған күре жол учаскелерінің ұзындығы 2900 шақырым.

Бет қаратпайтын қатты жел мен көктайғақтың әсерінен қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын маршруттардың да қозғалысы уақытша шектелді. Әдетте қарашаның соңында Астанада қалың қар жататын, ал биылғы күз ерекше жылы. Табиғаттың тосын мінезінен коммуналдық қызмет тосылып қалып жатыр.

Мұзды көшелердің көбіне әлі тұз аралас құм себілмеген. Қала әкімдігі қала қонақтары мен тұрғындарын жазатайым оқиғадан аман болу үшін сақ болуды сұрайды.

Дөңгелек ауыстыру орындарында ұзын-сонар кезек. Күн райы тек бас қалада емес еліміздің солтүстік, шығыс, орталық аймақтарында да бұзылған. Мектеп пен колледжерде таңғы ауысымдағы сабақ уақыты қысқартылып, түстен кейінгі оқу онлайнға ауыстырылған. Қарға адым жер аттай алмай қалған көліктер арасында жол апатына түскені де жетерлік. Тұралап қалғандар түстен кейін полицияның бастауымен ғана діттеген жеріне қарай қозғала бастады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде 300-ге жуық жол апаты тіркелген. Синоптиктер алдағы үш күнде жел күшейіп, екпіні секундына 15-28 метрге дейін болатынын ескертеді.

Махамбет Маратов, "Казгидромет" РМК инженер-синоптигі:

Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін циклон ықпалында болады. Жаңбыр және қар,жауын-шашын күтіледі. 23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 24 қарашада солтүстік батыста, 24 қарашада солтүстікте күтіледі. Кезеңнің аяғында ғана оңтүстікте, оңтүстік шығыста және орталықта ауа райы біртіндеп тұрақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде