{metadescription}
Дүлей жел ақтаулықтарды әбден титықтатты
Дүлей жел ақтаулықтарды әбден титықтатты

Дүлей жел ақтаулықтарды әбден титықтатты

Маңғыстау облысында да ауа райы бұзылып, оқушылар онлайн оқуға көшірілді. Дүлей желдің кесірінен Ақтау қаласы, Түпқараған мен Бейнеу ауданының балалары үйден шыға алмай отыр. Дауылдан оқушы тұрмақ, үлкендер де аяқ алып жүре алмауда.

Табиғаттың тосын мінезі әсіресе ақтаулықтарды әбігерге салды. Екпінді жел көшедегі жұртты әбден титықтатқан. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында қаладағы 28 мемлекеттік, 13 жекеменшік мектеп уақытша жабылды. Себебі жел ұшырған жабындылар балаларды басып қалуы мүмкін. Мәселен, Бейнеу ауданында үйдің шатыры ұшып кеткен. Аудандағы барлық білім ошағы қашықтан оқуға көшірілді. Мамандар дауыл күшейіп секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін дейді. Ал синоптиктер желдің екпіні тек жұма күні басылады деп болжап отыр. Төтеншеліктер тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Данияр Елшібаев, Маңғыстау облысы ТЖД бөлім басшысы:

Дауылда далаға шықпауларыңызды сұраймыз. Биік ғимараттарда, ағаштардың қасында немесе ескі ғимараттың жанына жоламауды сұраймыз. Себебі, желде құлап кетуі ықтимал. Жел бүгін және ертең де қатты соғуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде