Министр бағасы ырыққа көнбей жатқан азық-түлік бар екенін мойындады
Азық-түлік өнімдерінің бес түрі тұрақты түрде қымбаттауда. Сауда министрі ырыққа көнбей бара жатқан тауарлар бар екенін мойындады. Дегенмен Арман Шаққалиев бағасы бірте-бірте төмендеп жатқан өнімдер де жоқ емес деп отыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
22.11.2023
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
— Бүгінде жұмыртқа, ұн, сиыр және құс еті мен күріш бағасы аздап өсті. Қымбаттаған тауарлар қатарында негізінен осылар. Ал өсімдік майы, қант, қарақұмық арзандады.
Ұн, ет пен жұмыртқа құны әлде де өсуі мүмкін. Әсіресе жаңа жылға қарай. Бірақ жауапты министр мұны сол мерекемен ғана байланыстырып отыр. Одан кейін қайта арзандайтынына Шаққалиевтің өзі әзірге сенімді.
Маусымдық көкөністердің бағасы да төмендеді дейді сауда министрі. Баға жалпы тұрақты және алдағы уақытта да күрт өспейді деп шенеуніктер жоспарлап қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!