{metadescription}
«Зорлық-зомбылық». Заң жобасын әзірлеуде жұмыс тобы мүшелері қысым көрген
«Зорлық-зомбылық». Заң жобасын әзірлеуде жұмыс тобы мүшелері қысым көрген

«Зорлық-зомбылық». Заң жобасын әзірлеуде жұмыс тобы мүшелері қысым көрген

Зорлық-зомбылыққа қарсы заңның қатаңдатылуын қолдамайтындар әлі де бар. Бүгін Мәжілісте депутат Ирина Смирнова заң жобасын әзірлеуде жұмыс тобы мүшелерінің көрген қысымы туралы айтты. Оның айтуынша, зорлық-зомбылыққа қарсы жаза осыдан үш-төртжыл бұрын күшейтілуі керек болған. Ол уақытта кейбір қоғам белсенділері, ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, тіпті лауазымды шенеуніктер бұл құжаттың қабылдануына барынша кедергі жасап баққан екен.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

Біз кейбір азаматтар тарапынан да, ішкі істер министрлігі тарапынан да қысым көрдік. Қазір ойлап қарасаңыз, мүлде таңқаларлық әрекет. Жұмыс тобының мүшелеріне олар ұйымдасқан түрде қысым көрсетті. Ал бүгін біз сол заң жобасын қабылдамаудың нәтижесін көріп отырмыз.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы Парламентте 2019 жылы талқылана бастаған. Ұсынысты қабылдауға келгенде көпшіліктің пікірі екіге жарылып, ақыры құжатқа өзгеріс енгізу кейінге шегерілген. Дегенмен соңғы жағдайлардан кейін қоғам болып заңның қатаңдатылуын қайта талап етуде. Ирина Смирнованың айтуынша, заң жобасы дер кезінде қабылданғанда, біраз адамның өмірін сақтап қалуға болар еді. Десе де депутат жаңа нормаларды қолдамай отырған құқық қорғау органдарының өкілдері мен басқа да шенеуніктердің әлі де билікте отырғанына сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде