Алматы облысы: Жолда қолданылған пробиркалар шашылып жатыр
Алматы облысында пайдаланылған ветеринарлық түтіктерді жол бойына тастағандар іздестірілуде. Жануарлардан сынама ретінде алынған қан құйылған құтыларды бәзбіреулер үлкен Алматы каналының маңына төгіп кеткен. Мұны көрген жұрт қауіпті инфекция таралып кетуінен қорқып дабыл қақты.
Автор: Салтанат Шырынхан
22.11.2023
Зертханалық құтылар Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылына жақын маңнан табылды. Тас жол мен Үлкен Алматы каналының қақ ортасында шашылып жатыр. Дау тудырған видеодан соң, кеше оқиға орнына мамандар келіп тазалау жұмыстарын жүргізген. Полиция қазір пайдаланылған 700-ге жуық түтікшелерді тастағандарды іздестіруде. Қоршаған ортаны ластағандарға айыппұл салынады. Бірақ ветеринарлар мұндай түтікше дәріханаларда еркін сатылатындықтан, кез келген адамның қолдана алатынын айтады.
Еркін Биханов, Еңбекшіқазақ ауданы ветеринария станциясының меңгерушісі:
— Маркермен белгіленген жазу әлі кетпепті. Бір айдай жатқан. Бұл пробиркалардан түрлі ауру тарауы мүмкін. Қан сынамалары алынады. Малдың, бруцеллездан басқа да ауру тарап кетуі мүмкін. Егер ол жерде мал жайылымы болса, жабайы аң да болуы мүмкін. Сондықтан мұндай пробиркалар қауіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!