{metadescription}
Атырау облысында тұрғындарға газға 40-50 мыңның түбіртегі келген
Атырау облысында тұрғындарға газға 40-50 мыңның түбіртегі келген

Атырау облысында тұрғындарға газға 40-50 мыңның түбіртегі келген

Газ он есеге қымбаттады ма? Атырау облысындағы тұрғындар газға төлейтін түбіртекті көріп шошып отыр. Себебі әр үй газға 40-50 мың теңге қарыз деген қағаз келген. Алайда ауыл тұрғындары бұл әдеттегіден он есе көп деп наразы. Ал жауаптылдар қомақты қаражатты қарапайым халықтың бөліп төлеуіне болады деп жайбарақат отыр. Мұнай мен газдың үстінде отырған халықтың қалтасын кім қағып жатыр?

Құрманғазы ауданындағы Кудряшов ауылының халқы мал ұстап, балық аулап жан бағып отыр. Жұмыссыздық жайлаған ауыл халқы жақында көгілдір отынға төлейтін түбіртекті көріп шошыған. Бұған дейін газға айына 500-600 теңге төлеп отырған тұрғындарға коммуналдық ақы осы айда 40-50 мың теңгеге келген. 

Анаргүл Валерийқызы:

- Осы айда маған газға 30 мың келіп тұр. Өз басым келіспеймін. Осыған дейін 500 теңге, 600 теңге болатын. Жазда аз төлейміз ғой. Былтыр қыста да мұндай төлеп көрген жоқпыз, әрі кетсе 5-6 мың төлейміз.

Айман Молдағалиева:

- Түбіртекті қарасам, газ,а 50 мың теңге! Ауданға барып едім, бақылаушының қатесі деді. Қалай төлеймін? Әркімнің проблемы бар. Ай сайынғы жалақыдан санап қоясың.Қыстың ішінде кесіп тастаса, мен қайда барамын. Атырауға соқтым. Соқпаған жерім жоқ.

Қолдан жасалған қымбатшылық көршілес ауылдарда да бар. Ал «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының өкілдер бұл жағдайға қатысты жарытып жауап бере алмады. Бұл есептеуіш құралды қарайтын бақылаушының қателігі көрінеді. Соған қарамастан коммуналдық ақыны тұрғындардың бөліп төлеуіне мүмкіндік береміз деп отыр.

Тілекші Батуова, «РЦКУ-Атырау» серіктестігінің өкілі:

Халықтың жағдайын түсінуге де тырысып жатырмыз. Ондай соманы жағдайына байланысты бөліп төлеуге келісім бар. Негізі бұл бақылаушының қателігі, ол бізге дұрыс әкелмеген. Көрсеткішін салып әкелмеген. Абоненттен алған көрсеткішті ішке реестрге құйып дұрыс әкелмеген.

 «Бақылаушының қателігі болса, екі ауылдың халқы неге сонша қаржыны төлеуге тиіс?» деген сауалға да жауаптылар дәлелді сөз айта алмады. Курдяшов жұрты «бұл халықты қанау» деп ашынады. Ал ауыл үлкендерінің сөзінше, округте әкімнің жоқтығынан әркім ойына келгенін істеп отыр.

Фарида Арыстанова:

- Ауылымызда әкімдік, әкім, директор жоқ. Тәртіп жоқ, біздің ауылда. Әркім өз-өзімен өмір сүріп жатыр. Әйелдер бір бөлек, ер адамдар бір бөлек ,жан-жаққа бытырап жүрген халықпыз. Әкім керек. Дұрыс жастар керек. Жұмыс істейтін жастар керек.

Әй дейтін әже, қой дейтін қожаның жоқтығынан ауыл азып-тозды деп ашынады жиналғандар. Ал аудан басшылары наразы жұртқа «ҚазТрансГазАймақтың» қызметінен қателік туындаса, сот арқылы шешуі керек дейді. Атқамінерлер бұл мәселені «бақылауға аламыз «деп ақталды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.