{metadescription}
Үкімет тағы қарызға кірді. Зейнетақы қорынан 1 жарым трлн алғалы отыр
Үкімет тағы қарызға кірді. Зейнетақы қорынан 1 жарым трлн алғалы отыр

Үкімет тағы қарызға кірді. Зейнетақы қорынан 1 жарым трлн алғалы отыр

Үкімет тағы қарызға кірді. Бұл жолы еліміздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1 жарым триллион теңге алғалы отыр. Салымшылардың ақшасына энергетикалық нысандар күрделі жөндеуден өткізіліп, көлік, инфрақұрылым салалары түрленбекші. Премьер Әлихан Смайылов қаражаттың қайтарымына кепіл береміз деп отыр.

Осылайша зейнеткерлікке деп жиналған қаржыға қол салған Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп қаражат тарту шарттарын пысықтауда. Үкіметтің борыштық міндеттемелері де осы құжатта белгіленетін болады. Смайылов салымшылардың активтерін табыс әкелетін өндіріске салуда тұрған еш әбестік жоқ деп отыр. Министрлер кабинеті алған сома да болашақта құмға сіңген судай жоқ болып кетпейтініне сенімді. Бұл сома үкіметтің қарызы есебінде ортақ базада көрінетін болады.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

Біз бұл мәселелерді экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияда қарадық және тұтас алғанда проблемалар қолдау тапты. Қазір біз Ұлттық банкпен бірлесіп осы мәселелермен айналысып жатырмыз. Егер мемлекет қарыз алатын болса, бұл қаражатты республикалық бюджет есебінен өтеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде