«9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады.
Жаңа жылдан бастап «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады.
Автор: Айжан Шамшидин
23.11.2023
Жалпы жобаны іске қосуға бас-аяғы 150 млрд теңге керек. Үкімет басшысы 50 млрд-ын «Отбасы банкі» таза табысынан бөледі деп отыр. Ал қалған 100 млрд теңгесі нарықтан алынады. Смайыловтың сөзінше, бағдарлама сәтті іске қосылса, 8 мың отбасы үйлі болмақ. Әзірге ипотека берудің алғышарттары нақты айтылмады.
Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:
— Қазіргі жағдайда 9 пайыздың өзі төмен болып саналады. Біз бағдарламаны іске асыру үшін есеп жүргізіп жатырмыз. Оған жыл сайын 150 млрд теңге керек. Нәтижесінде 8 мың отбасы немесе адам ипотека алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!