{metadescription}
Роман Скляр: Митталдан ешкім ешнәрсені тартып алып жатқан жоқ
Роман Скляр: Митталдан ешкім ешнәрсені тартып алып жатқан жоқ

Роман Скляр: Митталдан ешкім ешнәрсені тартып алып жатқан жоқ

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы Қазақстан билігін сотқа бере алмайды. Премьер-министрдің орынбасары келіссөздерге қатысты соңғы жаңалықтармен бөлісті. Қазақстан билігі компания жұмысынан көптеген кемшілік тапқан. Барлығы да заң аясында өтуде. «Митталдан ешкім ешнәрсені тартып алып жатқан жоқ», - деді Роман Скляр.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

— «Арселор Миттал Теміртаудан» ешкім ешнәрсені тартып алған жоқ. Қазір келісімге келуге тырысып жатырмыз. Ұлттық инвестор келісілген сомаға өндірісті сатып алады. 30 қарашаға дейін келісімге келіп, өндірістің құнын белгілеуі керек, сол кезде бағаны нақты айта аламыз. Келісім заң жүзінде жүріп жатыр. Ұлттық компанияға айналдыру туралы әңгіме өрбіген жоқ, екі тарап өзара келісімге келеді.

Сенат отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Үкімет басшысы компанияның қазақтандық инвестордың қолына өтетінін тағы да нақтылады. Әлихан Смайылов келесі аптада келіссөздер толық аяқталарына сенімді.

30 қарашаға дейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жаңа қожайынын көпшілікке таныстыруды көздеп отыр. Компания отандық инвестордың қолына өткеннен кейін атауын да жаңартпақ. Күллі жауапкершілікті өз мойынына алып, қыруар қаржы құюға келісімін беріп отырған олигарх алдымен кен орындарындағы жұмыскерлердің қауіпсіздігіне ден қоюға уәде беріпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде