«Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт жаздан бері лаулап жанып жатыр
Жаздан бері лаулап жанып жатыр. Мамандар Маңғыстаудағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт жыл аяғына дейін сөндіріледі деген болжам жасады.
Автор: Айман Нұрмағанбет
23.11.2023
Бозашы мұнай түбегіндегі өрт 9 маусымда басталған. Мердігер мекеме «Заман Энерго» технологиялық ережелерді сақтамауына байланысты газды-су қоспасы атылып, арты отқа ұласқан еді. Мамандар түрлі амал-тәсілді қарастырып көрді. Қазір «Бозашы» кен орнындағы өртті ауыздықтаудың екінші сатысы басталды. Бірінші кезеңінде 40 мың текше метр су жіберіліп, ұңғымадан газдың шығуын азайтқан. Екінші кезеңде мамандар цементке айналатын сұйықтық құюда. Айтуларынша, мұндай қоспа өртті өшіреді. Ал техникалық талапты бұзған мердігерге қандай шара қолданатынын апат ауыздықталған соң шешілмек.
Ғалымжан Сеңгірбаев, «Бозашы Мұнай» компаниясының бас инженері:
— Осы жылдың желтоқсан айының аяғына дейін аяқталуға жоспарланып отыр түгел. Мердігерге қатысты апатқа қарсы жұмыс аяқталғаннан кейін талап, тексеру министрлік тарапынан “Промбезден” жүргізіледі. Ол тек апат тоқтатылған соң.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!