Зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейту құжаты жақында дайын болады
Зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейту туралы құжат қашан қабылданады? Осы сауалға бүгін әділет вице-министрі жауап берді. Әйелдер мен бала құқығы қорғау туралы заң жобасы әлі жан-жақты талқылауды қажет етеді дейді Алма Мұқанова. Оған 90-қа жуық түзету енгізу жоспарлануда. Оның ішінде қоғамда соңғы уақытта резонансқа айналған зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейту туралы нормалар да бар.
Автор: Айғаным Достанбай
23.11.2023
Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-минстрі:
— Егер қолданыстағы заң жобаларды айтатын болсам, қазіргі таңда бір депутаттар тобымен әзірленген заң жобасы бар. Олар әйелдер және бала құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасы. Ол бойынша әділет министрлігі алаңында тисіті заң жобасы және оған Үкімет қорытындысы талқыланған болатын. Ол заң жобасы аясында систематикалық «побой» дейміз ғой, сол бойынша криминализация қарастырылған. Бұл заң жобасы әлі Мәжіліске кірген жоқ. Әлі біраз уақытты алады. Жақында, 1-2 ай аясында Үкімет қаулысы енгізіліп, Мәжіліске жіберіледі.
«Әйелдер мен бала құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына енгізілуі тиіс жаңа нормаларды қоғам болып жан-жақты талқылауымыз керек дейді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан. Президент те былтырғы Жолдауында қылмыстық кодексті оптимизациялау және оны тұрақтандыру бойынша тапсырма берген болатын. Соның аясында сарапшылар мен шетелдік мамандарды ортаға алып, жан-жақты талқылаудамыз дейді мәжілісмен.
Ал бүгін Астанада зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз-келіншектер үшін арнайы Арт-орталық пайда болды. Олар бастан өткерген оқиғаларын осында жазып қалдыра алды. Ұйымдастырушылар осы әдіс арқылы аталған мәселеге қоғам назарын аударуды көздейді.
Микаэла Фриберг-Стори, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі:
— Ең маңызды — мәселелердің бірі-қоғамның әйелдерге деген көзқарасын өзгерту. Әйел қоғамның бір бөлігі екеніне көз жеткізу. Әрине, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты да, елдің саяси өміріндегі әйелдің рөлі туралы да заңнаманы өзгерту қажет. Сондай-ақ ер адамдардың өздері де бұл мәселені қоғамның күн тәртібінен түсірмеуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!