{metadescription}
Мемлекет меншігіне 8 млн гектар жер қайтарылды
Мемлекет меншігіне 8 млн гектар жер қайтарылды

Мемлекет меншігіне 8 млн гектар жер қайтарылды

Пайдаланылмай жатқан 8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы аясында іске асып отыр. Ал жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы айналымына тартылатын жер көлемі 10 миллион гектарға жетеді деп күтілуде.

«Ауыл аманаты» агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл ауылдағы жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында шаруалар 40 млрд теңгеге 1053 комбайн мен трактор сатып алған. Мал азығын жинауға арналған 2 мың 800 техниканы пайдалану үшін 20 млрд теңге жұмсалды. Ал мемлекетке қайтарылған жерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне пайдалану аса маңызды дейді «Жер аманаты» комиссиясның мүшелері.

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

Ең негізгі мәселе – қайтарылған жердің барлығы жергілікті және сол жерді әрі қарай жұмыс істеуге қабілетті азаматтарға беру. Жерді қайтаруға потенциал өте үлкен.Қайтарылған жер, біріншіден, мемлекетке пайдасы болуы керек. Екіншіден, технологиялық процес жүріп отыру керек. Өйткені жер де қартаяды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде