{metadescription}
Ақтөбе балабақшасында бүлдіршіндерді ұрып-соққан
Ақтөбе балабақшасында бүлдіршіндерді ұрып-соққан

Ақтөбе балабақшасында бүлдіршіндерді ұрып-соққан

Ақтөбедегі жекеменшік балабақша басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тәрбиешілер мен бала күтушілер бөбектерге жөнді қарамақ түгілі, оларды ұрып-соққан. Ата-аналар бұл бақшаны мүлдем жауып тастау керек деп отыр.

Әсел Қайдолла:

Біздің талабымыз – балаларды ұрған тәрбиеші мен бала күтушіні, олардың артын жапқан меңгеруші Абылханова Жұлдыз Мұратовна және директор Гүлнәр Серіковна Нартаевна жауапқа тартылсын. Бұл балабақша жабылсын!Ол адамдарды педагог дипломдарынан айрып, бұл салада ешқандай жұмыс істемейтіндей ету керек.

Ата-аналардың бірі видео түсіріп алыпты. Тілі енді шығып келе жатқан бүлдіршіндердің күнде осылай қорлық көріп жүргенін білмедік дейді. Бөбектерді тас еденге ұйықтатып, жерге отырғызып тамақтандырады екен. Ал дәрі-дәрмек тұрған шкафтары құрттап кеткен. Онмен қоса бейнекамерасы жоқ асханаға апарып ұрып-соғады дейді ата-аналар. Олар жаппай тәртіп сақшыларына да, прокуратураға да арызданған.

«Амир» деп аталатын бұл балабақша мемлекеттік тапсырыспен мемлекеттен қаржыландырылады. Білім бөлімінен құрылған комиссия мен полиция департаменті тергеуге кіріскен.

Бауыржан Жұмашев, Ақтөбе полиция басқармасы №2 ПБ бастығының орынбасары:

ҚР ҚК 140-бабы 1-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды. Ата-аналардың барлық дәлелдері ескерілетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде