{metadescription}
Қарағанды облысындағы тас жолдарға бақылау күшейтілді
Қарағанды облысындағы тас жолдарға бақылау күшейтілді

Қарағанды облысындағы тас жолдарға бақылау күшейтілді

Полицейлер Қарағанды облысындағы тас жолдарға бақылауды күшейтті. Олар тіпті әр көлікті тоқтатып, жүргізушілерден алдағы жолда абай болуын сұрап жүр. Әсіресе бес жыл бойы құрылысы аяқталмай, жүздеген адамның өмірін жалмаған Қарағанды - Балқаш автобаны ерекше назарға алынған.

Жолда абай болыңыз, ескертейін деп едік. Жол ережесін бұзбаңыз, қарсы бағытқа шықпаңыз. Көлікте жолаушы болса, қауіпсіздік белбеуін тағыңыз, алда қиын учаскелер бар, жел, тайғақ, байқап жүріңіздер.

Қарағанды - Балқаш тас жолында жыл басынан бері ғана жол көлік апатынан 47 адам опат болды. Барлығы да көліктің қарсы бағытқа шығып кетуінен. Бірі басып озам десе, екіншісінің көзі ұйқыға ілініп кеткен. Жөнделіп бітпеген жолдың біраз бөлігі тар. Жолдағы ахуал тіпті әуеден дрондар арқылы да бақыланады. Кез келген ереже бұзған көлік көктегі көзден таса бола алмайды екен.

Тәртіп сақшылары қала ішіндегі жолдардың ахуалын да реттеуге кірісті. «Құқық тәртібі» акциясы басталғалы төрт мобильді топ жол ережесін бұзған көліктерді анықтап жатыр. Мәселен, айып тұрағына тоғытылған Шевроле көлігінің 28 жастағы жүргізушісі жылдамдықты 102 рет асырып камераға түскен. Айыппұл көлемі 2 милион теңгеден асады. Арты өлімге әкелетін апаттар негізінен жылдамдық асырудан басталады дейді мамандар.

Бағдат Кәкімов, Қарағанды облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Облыс аумағында жыл басынан бері 289 жол-көлік апаты болып, 132 адам мерт болды. 300-ден аса адам жарақат алды. Зерттеулерге сейкес, жол көлігі апатына себепкер болатын көлік жүргізушілер 25 - 35 жас аралығынада. Мұндай азаматтардың көбіне ортақ тәртіпке немқұрай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.