Ерке Есмаханның күйеуі тұңғышының сүйіншісін бірінші боп бөлісті
Ерке Есмахан мен Райым ұлды болды. Алғаш рет әке атанған әнші сүйінші жаңалықты бірінші болып таңертең өзі бөліскен. Әлеуметтік желісінде атұстарын қолына алып түскен Райымбек Бақтыгереев Ерке Есмаханмен жыл басында отау құрған еді.
Автор: Салтанат Шырынхан
23.11.2023
Ал бүгін тағы да ана атанған Ерке Есмаханның бұл екінші қуанышы. Оның алғашқы некесінен Мүсілім атты 11 жастағы ұлы бар.
Еске салсақ, әнші Ерке журналист Асхат Садырбаймен 2011 жылы отау құрып, дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен болатын. Қазіргі күйеуімен жас айырмашылығы 12 жас. Ерке күйеуінен бір мүшел жасқа үлкен. Махаббат хикаясының басталғанына екі жылдың жүзі болса да, қаңтар айында некелерін қиған. Ал бүгінгі сүйінші хабарды естіген барлық өнер саласында жүрген әріптестері екеуін құттықтап, ақ тілегін жаудырып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!