{metadescription}
Отандық дубляж: Диснейдің «Заветное желание» мультфильмі көрсетіліп жатыр
Отандық дубляж: Диснейдің «Заветное желание» мультфильмі көрсетіліп жатыр

Отандық дубляж: Диснейдің «Заветное желание» мультфильмі көрсетіліп жатыр

Отандық жұлдыздарымыз Диснейдің жаңа туындыларына дубляж жасай бастады. Әнші Луина «Заветное желание» атты мультфильмде басты рөлдегі қызды дыбыстады. Отбасылық картина бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.

Фильм Аша есімді ақжүрек қыз жайында. Ол туындыда жақындарының арманын орындап, көрерменмен таңғажайып сиқыр әлемінің сырын бөліседі.

Сиқыр әлемінің сыры бөлек. Сол арқылы арманыңды орындаудың бұралаң жолына қарамай, дегеніңе жету нағыз жеңіс. Дисней компаниясы ұсынған жаңа туындының мазмұны осындай. Картина анимациялық студияның 100 жылдығына арналып түсірілген. Ал ондағы басты кейіпкерді дыбыстаған отандық әнші Луина.

Luina, әнші:

Бұл рөлдің маған бұйырғанына қуаныштымын. Дубляж кезінде Ашаның ішкі жан дүниесіне енуге барынша тырыстым. Жасымызда ғана айырмашылық болды. Ол фильмде 18 жастағы қыз. Ал мен өмірде одан екі есе үлкенмін. Жалпы менің кейіпкерім әділдік жолында күрескен және соған жете алған бойжеткен. Өз халқы үшін барлығына дайын. Картина көрермендердің көңілінен шығарына сенімім мол.

Фильмнің сюжеті Розас патшалығы туралы. Сиқыршы Магнифико қарапайым халықын зұлым күшімен билеп-төстейді. Тұрғындардың арманын ұрлап, көзін байлап тастайды. Бірақ Аша есімді кішкентай қыз жұртын патшаның арам пиғылынан құтқаруға әрекет жасайды. Аспаннан бір жұлдыз түсіп, зұлымдықты жеңуге бірге күш салады.

Вадим Голенко, «Меломан» компаниясының бас директоры:

Бұл фильм өскелең ұрпақты біріктіретін туынды. Кішкентай баладан бастап, үлкен кісілерге дейін көре алады. Қызықты әрі мағынасы терең. Мұнда арманыңа сену керегі айтылады. Арман мен тілек, ол орындалатын қасиетке ие таңғажайып дүние. «Уолт Дисней» компаниясы жалпақ жұртқа осыны жеткізгісі келді. Армандар әрқашан орындалады.

Авторлар туынды көптің көкейінде жүрген арманын орындауға септігін тигізеріне сенімді. Сиқыр әлемін суреттеген картина бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде