{metadescription}
Боран: БҚО мен Қызылжар аймағында мыңдаған шаңырақ жарықсыз отыр
Боран: БҚО мен Қызылжар аймағында мыңдаған шаңырақ жарықсыз отыр

Боран: БҚО мен Қызылжар аймағында мыңдаған шаңырақ жарықсыз отыр

Ақ ақтүтек боран жұртымызды әбігерге салып жатыр. Батыс Қазақстан мен Қызылжар аймағында мыңдаған шаңырақ жарықсыз отыр. Қолайсыз ауа райында тозығы жетіп тұрған желілер жұлынып кеткен. Шенеуніктер төтенше жағдай жарияламақшы. Ал Ақтөбеде боран мен көктайғақтан жол апаты көбейді. Қар құрсауында қалғандар бар.

Ақтүтек бораннан Ақтөбеде жол апаты көбейген. Бір күн ішінде 16 оқиға тіркеліпті. Боран мен көктайғақ та кесірін тигізді дейді жол сақшылары. Кешелі бері мұнда төрт бағыттағы жол жабылды. Біреуі республикалық маңыздағы, қалған үшеуі ауданаралық. Құтқарушылар да қар құрсауында қалған көліктерді шығарып, жоғалған шопанды аман-есен тапқан.

Әнуар Ахметалин, Ақтөбе облысы ТЖД жедел кезекші:

Ойыл ауданы Құмжарған ауылында үйіне оралмаған малшы құтқарушылардың көмегімен елдімекеннен 6 шақырым жердегі Қуырдақты маңынан аман-есен табылды. Ал Байғанин ауданында қар құрсауында тұрып қалған Газель автокөлігіндегі екі адам эвакуацияланды. Аққұм ауылынан Жабасаққа қарай Нивамен жолға шыққан үш жұмысшы да табылды.

Оралда мыңнана аса шаңырақ жарықсыз отыр. Боранды күні электр сымдары үзілген. Әкімдіктегілер оны қалпына келтіруге барымызды салып жатырмыз дейді. Шенеуніктер боран болмай-ақ, үп еткен желден өңірдегі сымдар үзілетінін растайды. Себебі, аймақтағы электр желісінің сексен пайызы тозған.

Жандос Дүйсенғалиев, Орал әкімінің орынбасары:

- Дәлірек айтсам, 1030 абонент қазір жарықсыз отыр. Ол жарты сағат бұрын берген ақпарат. Қаламыздың Деркөл, Круглозорное кенті, Меловые горы, Куриние, Зашаған СМП ауданы дейді. Жаңағы Деркөлдің түгел емес. Деркөлдің ішкі кейбір көшелері. Яғни электр желілері тозған.

Ал солтүстіктегі Қызылжар өңірінде 16 ауыл жарықсыз отыр. Мұнда да бораннан электр сымдары бір апта бұрын үзілген. Сол уақыттан бері әлі қалпына келтіре алмай жатыр. Тұрғындар облыс бойынша төтенше жағдай жариялауды талап етеді. Ескірген электр сымдарын шұғыл жаңалауды сұрайды. Қыс басталмай жатып қиналып жатқандар алдағы күндері қырық градустан асатын аяз бен солтүстікте күнара болатын боранда күніміз қалай болады деп қапаланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде