{metadescription}
Қызылшамен 17 жарым мың науқас тіркелген — 95 пайызы екпе алмаған
Қызылшамен 17 жарым мың науқас тіркелген — 95 пайызы екпе алмаған

Қызылшамен 17 жарым мың науқас тіркелген — 95 пайызы екпе алмаған

Елімізде қызылша дерті өршіп тұр. Ауруханаларда төсек-орын жетіспей, дәрігерлердің жүктемесі екі есеге артқан. Бір Астананың өзінде әр бес минут сайын қызылша белгілерімен балалар ауруханаға дереу жеткізілуде. Санитария-эпидемиология департаменті елімізде 17 жарым мың науқас тіркелген деп отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар өте көп. Жұқтырғандардың 95 пайызы екпе алмаған.

Роза Өтегенова, Астана қаласы, №3 көпбейінді балалар ауруханасының директор орынбасары:

Қазіргі қызылша жоғарғы және төменгі тыныс жолдарын зақымдап, іші өтіп, құсып түсіп жатыр. Бұл қызылшада да иммунитетті қатты түсіреді. Сондықтан қызылшамен ауырған балалар 2-3 жылдың ішінде аурушаң болып келеді. Ата-аналар оны да білуі керек. Ертең бала ауыра береді.

Бір кездері ұмыт болған аурудың қайта өршуіне екпеден бас тартқан ата-аналардың әсері бар деп отыр дәрігерлер. Ал Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов сан түрлі дертке қарсы екпенің мән-маңызын түсіндіруде денсаулық сақтау министрлігі олқылық жіберді деп санайды. Мәжілісменнің пікірінше, дер кезінде ауру салдарын қазақстандықтарға тәпсірлеп түсіндірмегендіктен, қоғамда антиваксерлер қаптап кеткен. Баласының дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, жасанды тыныс алу аппаратына жалғанайын деп жатса да, «антибиотик пен екпе салмаймын» деп шыр-пыр болған ата-аналар баласының обалына қалып жатыр.

Қарашаның алтысында басталған қызылшаға қарсы вакцина салу науқаны кезінде 2 жарым мыңнан аса нәрестеге ғана екпе салынған.

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:

Барлық екпені дер кезінде салдыру керек. Адамзат түрлі кеселді, эпидемияны осы жаппай екпе салдырудың арқасында жеңген. Осы ретте денсаулық сақтау министрлігі халықты вакциналауда олқылық жіберді деп санаймын. Бұл жұмыста жауапты министрлікке табандылық жетпеді. Үгіт-насихат та аз. Сондықтан антиваксерлер қаптап кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде