{metadescription}
Елімізде электрокар саны көбейіп, оны қуаттайтын жер жетпей жатыр
Елімізде электрокар саны көбейіп, оны қуаттайтын жер жетпей жатыр

Елімізде электрокар саны көбейіп, оны қуаттайтын жер жетпей жатыр

Өздігінен тұтанып жарылуы мүмкін. Осындай себеппен төтенше жағдайлар министрлігі тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын станцияларды тұрғын үйлердің паркингіне қоюға тыйым салған еді. Енді электромобильді тізгіндейтіндер бұған түбегейлі қарсы шығып отыр. Өйткені елімізде тоқпен жүретін көлік саны күннен-күнге артып жатса да, қуаттайтын жер жеткіліксіз.

Расымен де еліміздегі ірі қалаларда электромобиль демде көбейіп кетті. Бұған ресми статистика да дәлел. Мәселен, соңғы бір жыл ішінде тоқпен жүретін көлік саны бақандай он есе өскен. Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам электромобиль тіркеуде тұр. Бұған дейін иесі көлігін жабық автотұрақта, сауда орталықтары мен тұрғын үй паркингінде қуаттап жүрген. Бірақ осы аптада министрлік тыйым салып тастады.

Аспандияр Сапарғалиев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының маманы:

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың электромобиль мен оны зарядтау станцияларының орналасуы туралы көптеген өтінішін ескере отырып, оған қойылатын талаптың жоқтығына алаңдап отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі электромобиль орнатылған литий аккумулятордың өртке қауіпті сипатына назар аударады. Тиісті нормативтік-құқықтық актілер қабылданғанға дейін бокстарда, паркингтерде электромобиль және оны зарядтау станциясын салуға тыйым салынады.

Алайда бес жылдан бері электромобиль тізгендеп келген Фарид Нұритдинов мұндай өзгерістің қисынсыз екенін айтып отыр. Өйткені қалаларда темір тұлпарды қуаттайтын қоғамдық құрылғылар өте тапшы дейді. Сәйкесінше, бәрі сонда ағылады, кезекте сағаттап тұруға мәжбүр.

Фарид Нұритдинов:

Мен түсінер едім, егер қуаттағыштар шетелдегідей әрбір бұрышта тұрса. Бірақ біздің елде олай емес қой. Қоғамдық орындарда қойылған қуаттағыштарға барсаң, ұзын-сонар кезек. Оған қоса ондағы құрылғы аккумуляторға зиян. Негізі қуаттағыштың паркингте болғаны өте қолайлы еді. Мәселен, мен көлігімді түнде қосып қоямын, таңға жуық дайын тұратын. Енді ондай мүмкіндік жоқ.

Автосарапшылар да бұл тыйымның әлі шикі екенін айтып отыр.

Алексей Алексеев, автосарапшы:

Негізі тыйым салып тастамай, эектромобильді қуаттайтын станциялардың қалай орнатылғанына қарағаны дұрыс еді. Егер ережеге, талапқа сәйкес орнатылса, ешқандай қауіп төндірмейді. Сондықтан арнайы қызметкерлер қуаттағышты тексеріп тұрса ғана жеткілікті еді.

Тоқпен жүретін көлікке қатысты мәселе әлі ұзаққа созылатын сыңайлы. Өйткені кейбір болжам бойынша мұндай көлік саны жыл сайын бірнеше мыңға өседі. Паркинтердегі дербес қуаттағыштардың көзі жойылып, тек қоғамдық орындарда ғана тұрған сирек құрылғылар қалса, енді қалай болады? Сондықтан электромобиль тізгіндейтіндер мәселені тездетіп біржақты етуін сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.