{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ-әзірбайжан қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ-әзірбайжан қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ-әзірбайжан қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Әзірбайжанға барып, Біріккен ұлттар ұйымының Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының алғашқы саммитіне қатысты. Маңызды шара алдында мемлекет басшысы Бакуде әріптесі Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізді.

Бакуді «Каспий өңірінің інжу-маржаны», әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі деп атаған Тоқаев орайлы сәтті пайдаланып, Ильхам Әлиев пен бауырлас елді Біріккен ұлттар ұйымының қарарына сай, Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіргенімен құттықтады. Ал Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сауда саттық, жалпы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанымен, атқарар іс әлі көп.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Біздің арамызда ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Біз шынайы стратегиялық серіктеспіз, Каспий теңізінің екі жағын мекен еткен көршілерміз. Стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі бірлескен декларацияның қабылдануы, сондай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңестің құрылуы қазақ-әзірбайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерген тарихи оқиға болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.