{metadescription}
Бір жылда реформа орындалып, биліктің тармағы жаңарды
Бір жылда реформа орындалып, биліктің тармағы жаңарды

Бір жылда реформа орындалып, биліктің тармағы жаңарды

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы өзгерістер саяси жүйені қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді. Бір жыл ішінде реформалар жүйелі орындалып, үш саяси науқан өтіп, нәтижесінде өкілетті биліктің тармағы жаңарды.

Парламент қайта жасақталып, осы айдың басында елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл еліміздің саяси жүйесін демократиялық жолмен өзгертудің айқын көрінісі. Осылайша халық арасынан шыққан тәуелсіз, өз ойын ашық айта алатын азаматтар билік басына келіп жатыр. Сайып келгенде бұл саяси жүйедегі сеңнің қозғалуына, халықтың өзіндік қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына сеп болды. Бүгінде парламент қабырғасында түйіткілді мәселелер тиімді шешімін тауып келеді.

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

Парламентте бүкіл елдегі шулы, өзекті мәселелер Үкіметке оперативті түрде жеткізіледі. Үкімет мүшелерін Парламентке шақырып, осы елдің ішіндегі көтеріліп жүрген сайлаушыларымыздың бізге аманат еткен мәселелерінің бәрі тікелей қойылып жүр. Міне, осының бәрі Президенттің сайлауалды бағдарламасындағы қойылған кейбір міндетінің орындалып жатқанының айқын көрінісі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде