{metadescription}
Қырғызстанда бақсы-балгер жарнамасына тыйым салынуы мүмкін
Қырғызстанда бақсы-балгер жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Қырғызстанда бақсы-балгер жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

«Бақсы-балгерлердің жарнамасына заңды түрде тыйым салу керек». Бұндай бастама Қырғызстанның Жоғарғы кенешінде көтерілді. Жергілікті депутат Марлен Маматалиевтің айтуынша, халық бақсы мен көріпкел сымақтардың құрығына жиі ілініп жатыр.

Халық қалаулысы өмірде ауыр жағдайға түскен адамның басын айналдыру қиын шаруа емес дейді. Ал бақсы-балгерлер адамның жолын ашып, жағдайын түзеп беруге тіпті кепіл беретінін айтады. Бірақ ол ақылға қонымсыз. Сондықтан оның жарнамасына да тыйым салу қажет.

Осыған қатысты заң жобасы қоғам талқысына шығарылып та қойған. Енді елдің пікірі тыңдалады. Халық қалаулысы елдегі «Жарнама туралы» заңда жекелеген тауарлардың жарнамасы деген түсінік барын айтады. Осының негізінде заңбұзушылық орын алса, жауапкершілік қарастырылған. Бірақ құжатта соқыр сенім қызметін көрсету деген атымен жоқ екен.

Марлен Маматалиев, Қырғызстан Жоғарғы кенеш депутаты:

— Өмірден баз кешіп жүрген адам оның басынан қайғы мен проблемаларды бір сәтте жоям дегенге оңай сенеді. Бұл сезіммен ойнайтындар дәл осы бақсыбалгерлер. Психология арқасында адамның санасымен ойнайтындар өтекенді айтып, болашақты болжаймын дейді. Озық технология дамыған, көзі ашық қоғамда табиғатта жоқ тылсым күшке сенетіндердің бары өкінішті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде