{metadescription}
Өскеменде рұқсат құжаты жоқ мердігер үлескерлердің бар ақшасын жинап алған
Өскеменде рұқсат құжаты жоқ мердігер үлескерлердің бар ақшасын жинап алған

Өскеменде рұқсат құжаты жоқ мердігер үлескерлердің бар ақшасын жинап алған

Өскеменде бар қаражатын баспанаға құйғандар әлі пәтер жағалап жүр. Үлескерлердің қаржысын жинап алған мердігер сан сылтау айтып құрылысты созып жіберген. Былтыр пайдалануға берілуге тиіс үйдің тек қаңқасы тұр. Ал құрылыс басында қарауылдан басқа жұмысшы жоқ дейді жиналғандар.

Шыдамы таусылған жұрт құйған қаражатын қайтарып беруді талап етуде. Өйткені бұл компанияның үй салу үшін үлескер тартуға рұқсаты болмаған.

Айнагүл Сұрағанқызы үш бөлмелі пәтер аламын деп 21 миллион теңгесін салған. Бірақ көпбалалы ананың арманы күн сайын алыстап барады. Өйткені кірпіштен қаланған үйдің құр қаңқасы қалқиып тұр. Құрылыс басында күзеттен басқа тірі жан жоқ.

Айнагүл Сұрағанқызы:

Төрт балам бар. Балалардың аузынан жырып ақша салдым. Қазір үй де жоқ. Шырылдап жүрміз. Қарапайым халық зардап шегіп жатыр. Осыған толық жауап беретін басшылар болса. Осы үйімізді тұрғызып берсін.

Баспана былтыр пайдалануға берілуі керек еді. Алайда құрлысы сағызша созылып, мердігер салымшыларды құрғақ уәдемен тойдырып келіпті. Жұрт жалдамалы пәтер жағалап, ай сайын артық шығындалып отырмыз дейді.

Жалғас Әбдірахманов:

Барған сайын «ақша бітіп қалды, сатериал әкелу қиын болып жатыр, ана жақтан, мына жақтан тасимыз» дейді. Халық сеніп ақша салды ғой. Бұлар уәдесінде тұрмады.

Жергілікті әкімдік құрлыстың тоқтап қалуына мердігерді кінәлап отыр. Өйткені құрылыс компаниясы әу бастағы жобадан ауытқып, алты қабаттың орнына жеті қабатты үй салған. Сондай-ақ мердігердің үлескерлерден ақша жинауына да рұқсаты болмаған деп отыр.

Самат Қайырдинов, ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы:

Бұл құрылысшы үлескерлердің ақшасын құрылысқа пайдалану үшін тиісті рұқсаттамасы жоқ. Сол үшін басқармамен әкімшілік іс қозғалды. 320 баппен. Ол іс сотқа жолданды. Ал сот шешімімен 300 АЕК айыппұл салынды.

Салымшыларын сабылтып қойған компанияның басынан қара бұлт арылмай тұр. Осы үйді салу кезінде бір құрылысшы қаза тапқан екен. Қазір бір ай бұрынғы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Ал шыдамы таусылған үлескерлер мердігерді сотқа беріп, салған ақшасын қайтарып алғалы отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде