{metadescription}
Киноға кеттік! Бразилияда отандық фильм — «Арғымақ. Небесные кони»
Киноға кеттік! Бразилияда отандық фильм — «Арғымақ. Небесные кони»

Киноға кеттік! Бразилияда отандық фильм — «Арғымақ. Небесные кони»

Футбол туралы алғашқы отандық фильм — «Арғымақ. Небесные кони». Еліміздің бір топ актері спорттық кино түсіру үшін Бразилияға барып қайтқан . Фильмде жетімдер үйіндегі  жастар мен жаттықтырушының оқиғасы баяндалады. Автор доп додасына емес, тағдыр тәлкегіне түскен азаматтардың хикаясына басымдық берген.  Туынды еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіліп жатыр.

Арманға қол жеткізу үшін өткеніңді өшір. Бұл басты кейіпкерге алғашында кедергі келтірген беймаза ой. Туынды Мұхтар есімді бұрынғы футболшы жайында. Ол бала кезінде дәл осы спорт түріне қатысты психологиялық жарақат алған. Араға жылдар салып жастар футбол клубының бапкері болады. Ал команда жетімдер үйінің балаларынан құралған.

Ербол Әлмұхан, актер:

Кейіпкерім Талант деген балалар үйінде тәрбиеленген жігіт. Спортқа мүлдем икемі жоқ. Бірақ кейін достарына қосылып ынтасы ашылып, футболды жақсы ойнап кетеді. Талантпен ұқсастығым мейірімділік. Қатты уайымдамайды, өзімен-өзі жүре береді. Сондай жағынан ұқсастық бар.

Бас бапкердің рөлі Дулыға Ақмолдаға бұйырған. Ал қара ниетті, ақша жымқырып қалуды ойлаған басшыны Рүстем Жаныманов сомдайды. Фильмнің сценарийін жазуға екі жыл, ал түсірімге үш ай уақыт кетіпті. Картина алғаш рет Бразилиядағы футбол алаңдарында таспаланған. Режиссер түсірілім кезінде, әсіресе ауа райы қиындық тудырды дейді.

Руслан Пак, режиссер:

Айтсам, сенбейсіздер, бірақ мен талай рет Бразилияны Таиландқа ауыстырғым келді. Не болмаса бәрін декорациямен түсіре салуды да ойладым. Бірақ Бразилияға ұшып келе салысымен, ол ойымның қате болғанын түсіндім. Түсірілім Рио-де-Жанейроның ең қылмысы  көп ауданында өтті. Онда бізге бандылармен келісіп, олардан рұқсат алуға тура келді. Бразилия – ғажайып ел, осы фильм арқылы қазақстандық көрермен онымен таныса алатынына қуаныштымын.

Картина бұған дейін өзім түсірген деректі фильмнен туындаған дейді авторы. Ең алғашқы спорттық драма 23 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде