{metadescription}
СhemTalent: Астанада 40 оқушы химиядан пәнінен сайысқа түсті
СhemTalent: Астанада 40 оқушы химиядан пәнінен сайысқа түсті

СhemTalent: Астанада 40 оқушы химиядан пәнінен сайысқа түсті

Химияны шемішкеше шағатын ең озат 40 оқушы бүгін Астанада сайысқа түсті. Бұл пән олимпиадасы EL UMITI корпоратив қорының мұрындық болуымен алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар СhemTalent-қа келген оқушыларды керек-жарақпен толық қамтамасыз етіп, бар жағдайын жасаған.

Абылайхан Қайроллаев, «Ел үміті» корпоратив қорының жоба жетекшісі:

Байқауға Астана қаласының 7-9 сынып оқуышылары қатысып жатыр. Саны 40 адам. Бүгін бізде 5 турдан тұратын байқау өтеді. Жеңімпазы бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қатысушылар екі адамнан тұратын 20 топқа бөлініп, бес деңгейлі тапсырма орындады. Осылайша сайысқа қатысушылар білім деңгейін көрсетті. Жеті мен тоғызыншы сынып оқуышылары арасында өткен байқауда үшінші орын Сәния Ысқақова мен Микаэл Кобжановқа бұйырса, екінші орын Мейіржан Қонысбек пен Григорий Племянниковте бұйырды. Ал бас жүлдені Айзере Алтынбекқызы мен Камила Сүлейменова еншіледі. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен марапат қағаздары табысталды. Жеңіс тұғырына шықпаған үздіктердің де көңіліне қаяу түсірмеді. Мұндай жарыстарға қатысудың өзі оқушыларды ширатып, алға қарай жетелейді.

Әділ Талғат, қатысушы:

Мен осы химияны ойлағанмын, бастауышта қызық емес болып қала ма деп. Бірақ жетінші сыныпта химия кітабын бірінші рет ашқан кезде қызығып кеттім. Реакция, барлығын қосқанда, анау-мынау шығады деп. Сол үшін мен өзіме мақсат қойдым, 11-сыныпқа дейін Олимпидаа болса. қатыса беремін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде