Жамбыл облысында шахта опырылып, екі жұмысшы қаза болды
Жамбыл облысында шахта опырылып, екі жұмысшы қаза болды. Қайғылы жағдай “Қазақмысқа“ қарасты "Жайсаң” кенішінде болған. Апат кезінде шахтада 44 жұмысшы кен қазып жатыпты.
Автор: Сәбит Әлдебай
27.11.2023
Оқыс оқиғадан 42 және 21 жастағы қос кенші ауыр жарақат алып, көз жұмды. Кеніште үңгуші қызметін атқарған азаматтар Қарағанды және Ұлытау облысының тумалары. Аудандық ауруханаға жеткізілген марқұмдардың мәйіті өз туыстарына берілген. Қазір мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
"Қазақмыс" кәсіпорнында бұл қараша айындағы үшінші қайғылы оқиға. Бұған дейін өндірісте 43 жастағы конвейер машинисі мен 39 жастағы жұмысшы қаза тапқан.
Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:
— 23 жылдың қаңтар айынан жұмыс басталды осы жерде. Бұл жаңа кеніш. Ол жерде кәдімгі жаңа техника, жаңа талаптарға сәйкес бәрі жасалған. Өкінішке қарай, осылай болып отыр ғой енді. Арнайы комиссия өзінің бағасын береді ғой. Бұл кімнің қателігінен болды, жұмыс берушінің бе, жұмысшының ба?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!