Газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қою міндеттеледі
Жаңа жылдан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қою міндеттеледі. Жүргізушілер GAS жазуы белгіленген, леп белгісі мен қара жиегі бар сары түсті үшбұрыш белгіні темір тұлпардың ең көрінетін жеріне жапсыруы қажет.
Автор: Айжан Шамшидин
27.11.2023
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай шараларды қолға алып отырмыз дейді көлік министрлгі. Жаңа ережерге сәйкес, енді газбен жүретін көліктердің жабық тұрақтарға кіруіне мүлдем рұқсат етілмейді. Сондықтан жаңа белгі арқылы газбен жүретін автокөліктерді бейнебақылауға түсіруге және алыстан тануға мүмкіндік береді екен.
Гауһар Рахманбердиева «Қазстандарт» РМК жетекші маманы:
— Газ балонмен жүретін автокөліктер арнайы белгі тағу керек болады. Осы белгінің міндеті жабық паркингтерге кірген кезде газ балонмен жабдықталған автомобильдерді бірден анықтау мақсатында қарастырылған болатын. Осы өзгерісті дайындау барысында барлық құзіретті органдармен келісілген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!