{metadescription}
Өңірлерде киік етіне сұраныс артып келеді
Өңірлерде киік етіне сұраныс артып келеді

Өңірлерде киік етіне сұраныс артып келеді

Түйе мен жылқы етінің құнымен бірдей. Еліміздің әр өңірінде киік етіне сұраныс артып келеді. Бастапқыда 1500 теңгеден сатылса, қазір 2 мыңнынң үстінде сатылып жатыр. Ал республика бойынша 19 ет комбинаты киелі жануардың етін қайта өңдеуден өткізіп, консервілеп жатыр. Соның бірі — Арқалықтағы «Торғай» ет комбинаты. Цехта күн сайын 2 мыңнан астам киік етінің консервісі әзірленеді.

«Мыңдаған киік сойылып жатыр», «Еті сатылымға шығарылып жатыр». Бұған да бірте-бірте құлақ үйреністі. «Киелі жануарға қару кезенді» дегеннен шошитын бұқара қазір ақбөкеннің етін таласа-тармаса алып жатыр дейді білетіндер. Бастапқыда 1500 теңгеден саудаланса, қазіргі құны тіпті жылқы мен түйе етіне жетеқабыл.

 Бейнеудегі ватсап чаттарында киік етінің жарнамасы жақсы жүруде. Бағасы жылқы, түйе етінен кем емес 2100 теңге. Алдың ба, бір киікті осындай бағада аласың, алыпсатар бизнеске айналыпты. Даланың жануарын өзі баққандай ,қымбат етуі қалай?».

Базарларда киік еті сатылып жатыр. 1500 теңге келісі. Айтуларынша, Орал қаласынан атып, бір күн салқындатып, базарға алып келеді. Тіпті әлеуметтік желіден арнайы чат ашып, адамдар кезекке тұрған. Таласып алып жатыр.

 «Охотзоопроммен» келісімшартқа отырған ет комбинаттарының бірі Арқалықтағы «Торғай ет» серіктестігі. Ақбөкеннің етінен бөлек, терісін, басын қайта өңдейді де, арнайы қаптамада комбинаттан тікелей дүкен сөрелеріне жіберіп жатыр. Бір консервінің бағасы 1000 теңдеген сатылып жатыр. Бүгінге дейін 1200 киікті қайта өңдеуден өткізіпті.

Киік етінің дәмі қалай болатынын, өз басым жеп көрмегеннен кейін білмеймін. Комбинат директорының айтуынша, ұсақ малдың етінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Дайындалуы да тез көрінеді.

Расул Мұқанов, «Торғай ет» ЖШС директоры:

Күніне конверсі 2000-2500 банкі шығарамыз. Банкі жаңағы 325 грамм. Біздің нарықта енді бірінші рет шығарылып отырғаны. Сатылым енді қазір біздің Арқалықта, Қостанай облысында, Астанаға жіберіп отырамыз. Ададар хабарласып тапсырыс беріп жатыр. Нұсқаулығын алдық. Сонымен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы бағасы бір консервінікі 1000 теңгеден. Айналым жақсы. 

Бір апта бұрын «Охотзоопроммен» келісімшартқа отырған ет комбинаттарының саны жетеу еді. Қазір бас-аяғы 19-ға жеткен. Олар Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе мен Атырау облыстарында орналасқан. Демек киіктің еті сатылып жатыр екен деп дүрлігетін кез келмеске кетті.

Сұлтан Мұстафин, «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитетінің баспасөз хатшысы:

Бүгінгі деректер бойынша 21913 бас киік ұсталды. Оның 5648 басы ауланып, 16265 басы атылды. Бұл ет комбинаттарының сұранысына байланысты жүргізіледі. Бұл жерде нақты бір күнделікті орындалып тұратын сан жоқ. Ұшасы, яғни терісі мен еті, ет өңдеу комбинатына тапсырылады. 315 теңгеден. Одан кейін ол ұшалар, ет өңдеу комбинатының меншігі болып саналады.

Бұл дегеніміз, киіктің еті өңделіп дүкенге жеткенге дейінгі процеске, тіпті бағасына дейін комбинаттың өзі жауапты. Оған ешқандай министрлік араласып, неге арзан немесе неге қымбат деп талап ете алмайды. Ал ақбөкендерді аулау кезінде аталық сайғақтардың мүйізі арнайы таңбаланып, жауапты мекеменің қоймасында сақталады. Экология министрлігі киіктің мүйізін коммерциялық мақсатта пайдалану үшін халықаралық ұйымдардың рұқсатын алуға талпынып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.