{metadescription}
Алматы облысында балмұздақ кәсіпорны күзетшілерін жалақысыз қалдырған
Алматы облысында балмұздақ кәсіпорны күзетшілерін жалақысыз қалдырған

Алматы облысында балмұздақ кәсіпорны күзетшілерін жалақысыз қалдырған

Ұрының кесірі 40 күзетшіге тиді. Алматы облысында балмұздақ өндіретін кәсіпорын күзетшілері шулап отыр. Екі ай тегін істеп, ақыры жұмыстан қуылған. Маңдай тер ақысын ала алмай сабылып жүргендер негізі келісімшартты жеке күзет агенттігімен жасаған, демек жалақыны да солар беруі керек. Алайда агенттік қыркүйекте кәсіпорын кеңсесінен ұрланған 9 миллионға жуық теңгені мойнымызға ілді деп, өзіне шаң жуытпай отыр.

Байсеркедегі балмұздақ өндіретін компанияның алдына жиналып шу шығарғандар кезінде осы нысанды бірнеше жыл күзеткен. Жұрт енді сол азғантай ғана айлығын даулап жүр. Екі айдан бері не несиемізді, не жалдап отырған пәтер ақысын төлемедік дейді.

Бекнұр Кенжебаев:

Несиемді төлей алмаймын, соттаса соттап жіберсін. Не істеймін? Ақшам жоқ. Жалғыз тұрам. Ал енді мына кісілердің бала-шағасы бар. Әйел дер де жұмыс істеді, тәуліктеп тұрады. Сонда еңбегі зая кеткені ме? Бұларды мен түсінбеймін. Бірдеңе десең, бізді мал құсап қуып шығады. Ешкім тыңдамайды. Органдарды шақырады. Бізді қорқытпақшы. Біз халықпыз ғой.

Салтанат Ақмәдиева:

Екі айлық жалақымызды ала алмай шырылдап жүрміз. Бұл жерге келіп жалақымызды сұрасақ, «Секьюритиға» жабады, «Секьюритидан» сұрасақ, «Шин-Лайнға» жабады. Шин мырза бізге жалақы бермей отыр

 «Әскер Секьюрити LTD» дегені күзетшілерге жауапты агенттік. 40 адамға айлық беретін де сол. Жұрт жалақысын даулап оған бірнеше мәрте барған. Бірақ аяғы жанжалға ұласып кеткен.

Серіктестіктің директорымен телефон арқылы ғана тілдесе алдық. Ақшаны бермей отырған «Шин-Лайн» компаниясы деп басын ала қашты.

Нысанда ұрлық болған. Бастықтың сейфінен, шын ба, өтірік пе, 8 миллион 800 мың теңге ұрланып кеткен дейді. Сіздер оны маған тапсырған жоқсыздар дедім. Мен ол ақшаны көрген жоқпын ғой. Қалай ол? Сол 8 миллион 800 мыңды біздің мойнымызға іліп отыр. Қазір оларға шағымхат жазылды. Егер жауап бермесе, сотқа береміз.

Басы дауға қалған компания басшылары да орнында жоқ екен. Халықтың алдына өкілі ғана шықты. Жалақы мәселесіне «біздің қатысымыз жоқ» дейді. Қазір ұрлық бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ұлан Боранбайұлы, «Шин-Лайн» компаниясының менеджері:

Бұл жерде толық ақпарат дайын болғанда сіздерге береміз. Сегізінші тармаққа сәйкес, бұл жерде еш ұрлық болмауы керек, мына жерді олар қорғауы керек. Бұл үлкен ұйым. 2019 жылдан бері жалақысын уақтылы алып келдіңіздер ғой, дұрыс па? Алып келдіңіздер. Осындай мәселе туындағаннан кейін тексеру жүріп жатты. Құқық қорғау органдары бар, сот органдары бар. Сол арқылы бұл мәселені шешеміз, міндетті түрде

Алайда мұндай жауап жұрттың көңілін көншітпеді. Өйткені созбалаңға салынса, несиені кім төлейді, жалдап отырған пәтерақысын кім төлейді? Қараша өзіне тиесілі еңбекақыны тездетіп қайтаруын талап етіп отыр.

Мәселені тездетіп шешу үшін жұрт бұған дейін еңбек инспекциясына шағымданған. Енді бүгін прокуратураға ұжымдық арыз жазды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде