{metadescription}
20 тонна жұмыртқа тиеген жүк көлігі аударылды
20 тонна жұмыртқа тиеген жүк көлігі аударылды

20 тонна жұмыртқа тиеген жүк көлігі аударылды

Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Ақ қар, көк мұзға қарамастан жолға шыққан жүргізуші Астанадан Ақтауға тауар апара жатқан.

Жүк көлігінде 900 қорап жұмыртқа болған. Ақтау қаласына бет алған Volvo Көкшетау - Рузаевка бағытында келе жатып жолжиегіне аударылып түскен. Абырой болғанда қарсы бетте басқа көліктер болмапты. 46 жастағы жүргізуші көктайғақта тізгінге ие бола алмай қалған. Төрт дөңгелегі аспанға қарап қалған көліктегі 20 тонна жұмыртқаның біразы жарылып қалған. Жүргізуші дін аман. Тауардың қаншасы бүлінгені және шығын көлемі әзірге белгісіз.

Уәлихан Жүнісбеков, Ақмола облысы ПД басқарма бастығының орынбасары:

Қатты көктайғақ. Жолға құм да себілген екен. Бірақ одан көмек болмаған. Ескертуге қарамастан алыс жолға шыққан Вольво жүк көлігі жол шетінен әжептәуір жерге аунап кеткен. Жүргізушісі аман. Көлікті шығаруға көмек көрсеттік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде